Семей қаласындағы «Адал Ас» сауда белгісіне ие «УРАНХАЙ» кондитерлік өнімдер өндірушісі «QMDB Halal» сертификатын жаңартты. Сертификатты «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Айдын Жүнісбек табыстады.
«Адал Ас» цехында бақылау-қадағалау шараларын жүргізген және кондитерлік цехтың тамақ өнімдерін дайындау және қайта өңдеу кезінде қолданылатын азық-түлік шикізаты, тағамдық қоспалары толықтай тексерістен өткізілді. Өйткені азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерінің адалдығы мен тазалығы, қауіпсіздігі – тұтынушылар денсаулығы үшін аса маңызды. «Адал Ас» кондитерлік өнімдері «Халал Даму» бекіткен стандарт талаптарына толықтай сай.
«Адал Ас» кондитерлік өнімдеріне берілген сертификат 10.11.2022 – 09.11.2023 мерзімі аралығында жарамды.
Пікір қалдыру