АЯГӨЗ ҚАЛАСЫ: РАНТ МҮШЕСІ ӘСКЕРИ БӨЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Аягөз қаласындағы №02352 әскери бөлім қызметкерлері РАНТ мүшесі Мади Айдарханұлымен кездесті. Әскерилерге асыл дініміз Исламның құндылықтарымен қатар қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі «Теріс бағытқа тартар жол» тақырыбында сөз өрбіп, насихат айтылды. Жиын соңында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.