АЯГӨЗ: РАНТ МҮШЕСІ ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ

Аягөз қалалық орталық мешітінде РАНТ мүшесі Мади Ахметов мешіт жамағатымен басқосты. Мәди мырза құптан намазының алдында «Пайғамбар тәлімі» атты тақырыпта уағыз–насихатын жүргізді. Сонымен қатар, кездесуде ардақты Пайғамбарымыз Мухаммед (с.ғ.с)  хадистерінен бес есімі жайлы баян етіп, қоғамдағы кездесетін ағымдардың, Алла елшісі сүннетін жете түсініп, ұстанбауы себебі адасуға апаратын апат екендігіне тоқталды. Жиын соңында жамағат сұрақтарына жауап берді.