БАРААТ ТҮНІ ҚАШАН БОЛАДЫ?

Исламда қасиетті саналатын түндердің бірі – Бараат түні. Бұл түннің «Бараат» деп аталуының өзі араб тілінен аударғанда «тазару», «кінәсіздік» деген мағыналарды білдіреді. Себебі бұл түнде Құдай Тағала тәубе қылған адамдарды кешіреді деген хабар бар.

Бір күні пайғамбар (с.ғ.с.) Айша анамыздан:

– Бұл түнде не болатынын білесің бе? – деп сұрайды.

Айша анамыз: – Алла және Оның елшісі жақсы біледі – деп жауап береді.

Пайғамбар (с.ғ.с.): – Бұл – Шағбан айының он бесінші түні. Алла Тағала бұл түні құлдарына мейіріммен қарайды, кешірім іздеушілерге кешірім береді, кешірім сұраушыларға Өзінің мейірімін төгеді. Бірақ жүрегінде ашу-ызасы бар кісілерді мейірімінен тыс қалдырады әрі олар зұлымдықтан арылмаса, оларды жарылқамайды да», – деді (Бәйһақи).

Айта кетейік, биыл Бараат түні наурыз айының 6-нан 7-сіне қараған түнге сәйкес келіп тұр.