ШӘКІРТТЕР АРАСЫНДА ШЫҒАРМА ЖАЗУДАН САЙЫС ӨТТІ

Семей қалалық “Әнет баба” атындағы Қос мұнаралы мешітінде “Әйел – қыздар” секторының ұйымдастыруымен әйел шәкірттердің арасында “Махаббатпен жаратқан адамзатты” атты шығарма жазудан сайыс өтті. Шығарма бәйгесі хәкім Абай шығармашылығының құрметіне орай ұйымдастырылған.

Сайыс барысында қатысушылар өз шығармаларын жиналған жамағатқа оқып, көрермен алғысына бөленді. Үздік деп танылған жұмыстар Қос мұнаралы мешітінің бас имамы Біржан Аманжолұлының Алғыс хатымен марапатталды.