РАНТ МҮШЕСІ “ТӨЛЕУБЕК ҚАЖЫ” МЕШІТІНДЕ ҚҰПТАН УАҒЫЗЫН ӨТКІЗДІ

Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Жамбыл облысы “Һибатулла Тарази” мешітінің наиб имамы, ұстаз Нұрәлі Бақытұлы “Төлеубек қажы” мешітінде құптан намазының уағызын өткізді.

Ұстаздың Абай облысына жасаған іс-сапары 3 күнге жоспарланып, осы аралықта мешіт жамағатымен кездесіп қана қоймай, түзету мекемелерінде де болып арнайы дәріс оқыды.