ШАҒБАН АЙЫНЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

Аягөз қалалық мешіті жанынан құрылған Жастар бөлімі мүшелері шағбан айының құрметіне ораза ұстаушыларға ауызашар ұйымдастырды.

Рамазан айының келуімен сүйіншілейтін шағбанның өзге айлардан артықшылығын Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Бұл айда жасалған амалдар Алланың құзырына көтеріледі. Сондықтан мен өз амалдарымның аузым берік күйде (Аллаға) көтерілгенін ұнатамын» – деген.

Ауызашарға келушілерге мешіттің наиб имамы Райсхан Амангелдіұлы шағбан айы жайлы уағыз-насихатын жеткізді. Үлкендер жағы жастардың ізгі істеріне разылықтарын білдіріп, ел–жұрттың амандығын тіледі.