СЕМЕЙДЕ «ХАЛАЛ–ШАРИҒАТ ТАЛАБЫ» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТЕДІ

 Құрметті Семей қаласының кәсіпкерлері мен тұрғындары!

Сіздерді 17 наурыз күні өтетін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы    «Халал Даму» стандарттау    және     сертификаттау   орталығының ұйымдастыруымен өтетін «Халал – шариғат талабы» атты семинар-тренингке шақырамыз!

Іс шарада адал астың анық белгісі болған  «QMDB Halal» таңбасының отандық  өндірісте алатын орнымен халал өнім өндірудің артықшылықтары және үздік отандық халал кәсіпорындар туралы құнды мәліметтер беріледі.

Сонымен қатар, асыл дініміздегі халал туралы түсінік және «QMDB Halal» таңбасымен өндірілген өнімнің нарықтағы орны туралы айтылады.

Халал Даму өзінің жұмысында ислам дініне ғана тән «халал» жүйесінің қажетті деңгейде орындалып, жүзеге асуы үшін ең алдымен шариғат талаптарына сәйкестік пен халықаралық талаптарға сай бекітілген стандарттарды басты назарға алады. Қазіргі таңда елімізде және шетелде «QMDB Halal» таңбасымен өнім өндіретін 1300-ге жуық мекеме бар және 2022 жылы «QMDB Halal» сертификатымен 10 мың тоннаға жуық ет және ет өнімдері шетелдерге экспортталды.   

 

Өтетін күні мен уақыты: 2023 жылғы 17 наурыз, сағат 11:00

Өтетін орны: Семей қаласы Шәкәрім атындағы университеті. Глинки 20 а

                                                           

+7 (778) 11 22 678 Айбек Асқарбекұлы

+7 (771) 437 05 17

www.halaldamu.kz