Аягөз ауданына қарасты ауылдық мешітте қызмет атқарып жатқан ауыл имамдары қасиетті Қадір түніне орай жамағат көмегімен қайырымдылық істерін ұйымдастырды. Атап айтар болсақ, «Жаңа ауыл» мешіті – 15 отбасына азық – түліктей, «Таңсық ауылдық мешіті» – 7 отбасына қаржылай және 10 отбасына азық-түлік, «Ақши ауылдық мешіті» – 5 отбасына , «Мәдениет ауылдық мешіті» – 8 отбасына азық – түліктей және 7 отбасына құрбандық етін үлестірді. Әлеуметтік аз қамтылған, жалғыз басты, көпбалалы көмек алушылар мешіттердің осынау ісіне: «Құдайдан қайтсын, үлкен рахмет, Алла разы болсын», – деп алғыстарын білдірді. Және де ауыл мешіттерінде Қадір түні түрлі игі шаралар ұйымдастырылып, жеңімпаз жандарға марапаттар мен сыйлықтар берілді. Қадірлі Қадір түндеріндегі барша мұсылман баласының дұға-тілегі қабыл болсын! Әмин!
Пікір қалдыру