АЯГӨЗ: НАРЫН АУЫЛДЫҚ МЕШІТІНІҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ

Аягөз ауданына қарасты Шыңғожа ауылы, «Нарын ауылдық» мешіті Рамазан айы қайырымдылығын ұйымдастырды. Ауылдағы жалғыз басты, әлеуметтік азқамтылған 13 отбасыларына ұн, қант т.б азық – түліктерді үйді – үйлеріне жеткізіп берді. Рамазан қайырымдылық айы. Ол жайында Алла елшісі: «Мұсылмандар үшін бұл айдан қайырлы ай жоқ» – деген. Көмек алған жандар ауыл мешітіне алғыстарын айтты.