АЯГӨЗ: 100 ОТБАСЫҒА “РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ” ТАРАТЫЛДЫ

ҚМДБ “Зекет және қайырымдылық” қорының Абай облыстық өкілдігі Рамазан айында ұйымдастырып жатқан қайырымдылық шараларын жалғастырып Аягөз орталық мешіті 100 отбасыға кезекті “Рамазан қоржынын” таратты. Бұл жолғы игілікті шараға мешітіміздің жанашыры болған Мүсәпірбековтер әулеті Дәмелі қажы Дүйсенбайқызы апамыздың ұрпақтары атсалысты. Марқұм апамыздың бастап кеткен ізгі де үлгілі жолын үзбей жалғастырып келе жатқан ұрпақтарына Алланың нұры жаусын!
Әбу Һурайрадан (оған Алла разы болсын) риуаят етілген хадисте Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адам өлгенде оның үш нәрсесінен – тоқтаусыз садақасы (мысалы, құдық, көпір, медресе) немесе пайда келтіретін білімі (таратқан білімі) немесе артынан дұға қылатын игі жақсы баласынан басқа барлық амалы тоқтайды», – деген.
Алла Тағала баршамызды сауапты амалдардан қалыс қалмай, жақсылықта жарысатын, иманды да ибалы, салиқалы ұрпақтардан болуды нәсіп етсін!