АЯГӨЗ: ҚҰРАН ХАТЫМ ОҚЫЛДЫ

Аягөз қалалық мешіті жанынан құрылған «Әйел – қыздар» секторы мүшелері Рамазан айы басталғалы қасиетті Құранды күнделікті бесін намазынан соң, бір парадан оқып бастаған болатын. Рамазан айының ақырғы күні соңғы параны оқып мешіт ұстазы Әсел Рымғалиқызы Құран хатым дұғасын жасады. Мешіттің бас имамы Алмас Айткәрімұлы сектор мүшелеріне алғыс білдіріп, ҚМДБ тарапынан шығарылған кітапшаларды тарту етті. Сонымен қатар сектор мүшелеріне шарапатты айда ауызашар себеті таратылды.