“ДІН ИСЛАМ ДІНГЕГІМ” ЖЫР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ

Аягөз ауданына қарасты Мәдениет ауылында “Ислам және ізгі қоғам” жылы аясында “Дін Ислам діңгегім” атты жыр мүшәйрасы ұйымдастырылды.

Ауылдық Мәдениет үйінде өткен мүшәйраға көршілес ауылдардан: Айғыз, Өркен, Баршатас, Қосағаш, Бидайық, Мәдениет 13 ақын асыл дініміздің мерейін көркем жырмен өрнектеген 20 жастан жоғары ауыл ақындары қатысты.Өлеңімен дінімізге жыр арнаған ақындар ұлық айда ауылдастардың рухын бір серпілтіп тастады.

Әділ қазылар шешімімен І орын Шұлғаубаев Тілеуберді (Өркен ауылы) – 50 000 теңге, ІІ орын Алмагүл Маниазқызы (Айғыз ауылы) – 30 000 теңге, ІІІ орын Естемісов Қуандық (Баршатас ауылы) – 20 000 теңге және 3 ақынға ынталандыру марапат сыйлықтары табысталды.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі