МҮФТИЯТ МӘЛІМДЕМЕСІ: “ЛГБТ – ХАРАМ”

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі қызметі – Ислам діні мен ұлттық құндылықтарды насихаттау, халықты рухани тұрғыдан дамыту. Ата-бабаларымыз аманат етіп қалдырған ұлттық салт-дәстүріміз бен рухани құндылықтарымыз біз үшін аса қастерлі және құнды.

Алайда бұл қасиетті құндылықтарды мансұқтауды көздейтін, елімізде отбасы институтының дамуына қатер төндіретін арсыздық пен азғындықты насихаттаушы жеке адамдар мен топтар пайда болды.

Атап айтқанда, «әйелдер құқығын қорғаушылар» және «жыныстық зорлық-зомбылыққа қарсы шығушылар» атын жамылып, ал іс жүзінде адамгершілік ойға сыймайтын арсыз, азғындаушы біржыныстық қатынастарды насихаттайтын «ЛГБТ+» жақтаушылары соңғы кездері әлеуметтік желілерде ашық насихат жүргізіп, біржынысты қатынасты біздің қоғамға таратуға әрекет жасауда.

Осыған орай, біздің ұлттық рухани құндылықтарымызға жат «ЛГБТ+» сияқты арсыздық пен азғындықты ұстанушылардың үндеулері мен іс-қимылдарына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өз қарсылығын білдіреді және қоғамды мұндай арсыздықтан сақтануға шақырады!

Шариғатымызда еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасқа баруы – харам. Бұл азғындықтың ең ауыр түрі, лағнеттелген ібліс шайтанның ісі. Олардың ақыреттегі жазасы өте ауыр.

Алла Тағала қасиетті Құранда: «Сол уақытта Лұт қауымына: «Сендер жер бетінде өздеріңнен бұрын ешкім істемеген арсыздықты істеп, жан баласы бармаған азғындыққа барасыңдар ма? Сендер әйелдерді қойып, нәпсі-құмарлықпен еркектерге жақындасасыңдар. Сендер шынында шектен шыққан қауымсыңдар»,– деп айтқан» («Ағраф» сүресі, 80-81-аяттар).

Лесбиян, гей, бисексуал мен трансгендердің іс-әрекеттерінің шариғаттағы үкімі – харам. Бұл адам баласының жаратылысына қайшы келетін арсыздық. Кімде-кім өз жаратылысына қарсы шығып, жынысын ауыстырса, оның ашық адасқаны әрі ондай адам Алланың қарғысына ұшырайды. Мұндай адам шынайы тәубе етіп, емделуі қажет.

Алла біздің қоғамымызды азғындық пен арсыздықтан сақтасын! Әмин!