АЯГӨЗДЕ “ТЕГІН ТАКСИ” АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Аягөз ауданында қасиетті Рамазан айының құрметіне орай “Тегін такси” акциясы өтті. Қайырымдылық шарасын Аягөз ауданы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығы мен мешіт жамағаты ұйымдастырған. Жұма күнгі іске асқар ізгі шараға 20-дан астам көлік шығып, аудан тұрғындарын тегін тасыды.