Бүгін Абай облысы “Зекет және қайырымдылық” қорының өкілдігі мен қалалық “Қос мұнаралы” мешіті бірлесе “Рамазан сыйы” акциясы аясында №3 мамандандырылған балалар үйіне көмек қолын созды. Игі шараға Зекет және қайырымдылық қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиұлы мен Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы арнайы қатысты.
Республикалық “Жетім көрсең, жебей жүр” қайырымдылық жобасы арқылы іске асқан акция барысында балалар үйінің 44 тәрбиеленушісі қамтылып, оларға “Рамазан тәттісі” салынған қоржындар мен түрлі ойыншықтар үлестірілді. Сонымен қатар, бала тәрбиесіне жауапты мекемеге Смарт-телевизор сыйға берілді.
“Бұл дүниеде жетім-жесірге қарайласқан, олардан өз көмегін аямаған жандар үшін Жаратқан Иеміздің рақымы ерекше екендігін пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) те өз хадистерінің бірінде: «Алла алдындағы үйлердің жақсысы – жетімдерді құрмет тұтатын үйлер», – деп жеткізген. Алла Тағала жетімдерге қол ұшын беретін асыл азаматтардың санын арттырғай! Сауапты амалдарымызды қабыл еткей!” – деді сөз алған өкіл имам Асқар Мұқанов.
Пікір қалдыру