БАС ИМАМ АҚТОҒАЙ КЕНТІНДЕ

Таяуда Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы Ақтоғай кентіне арнайы іс-сапармен барды. Жоспарға сәйкес жергілікті мешітте бесін намазын өткізіп, жамағатқа бесін уағызын жүргізді. Бас имамның уағыз-насихаты ауызбіршілік, тақуалық, жамағатпен бірге болу сынды тақырыптарда өрбіді.

Жамағатпен жүздесу соңында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, діни сұрақтарға шариғат шеңберінде жауап берілді.