БІЛІКТІ МАМАН – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Күні кеше Ақтоғай кентіне іс-сапармен барған Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы “Ақтоғай пайдалану локомотив депосы” қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында бала тәрбиесі, ел болашағы, құмар ойыннан тыйылу сынды тақырыптар талқыланды. Жиынға қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты.