ИМАМҒА ЖАМАҒАТЫ КӨЛІК МІНГІЗДІ

Үржар ауданында мешіт жамағаты ауданның бас имамына көлік тарту етті. Көпшіліктің сый-құрметіне бөленген ауданның бас имамы Мәди Мұхтанов. Көлікті тарту ету рәсіміне Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлының өзі қатысып, жамағаттың береке-бірлігіне ризашылығын білдірді.

«Кішіге мейірім етпеген, ал үлкенге құрмет көрсетпеген бізден емес» (Тирмизи, 15).

Хадисте кішіге деген сүйіспеншілік, үлкенге ізет көрсету – мұсылмандардың негізгі адамгершілік қасиеттері екені айтылған. Ислам діні  адамдардың жағдайлары және жас айырмашылықтары қандай болса да оларға қызмет көрсетіп, сыйластық танытуға бұйырған. Бұл хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ол бізден емес», яғни үлкенге құрмет көрсетпеу және кішіге ізеттілік танытпау біздің жолымыздан және сүннетімізден емес деген. Олардың үлкені болсын, кішісі болсын сыйластық пен құреметті бірінші кезекке қойған.