РАНТ МҮШЕСІ АЯГӨЗ ҚАЛАСЫНДА

Абай облысына арнайы іс-сапармен келген ҚМДБ РАНТ тобының мүшесі, Теміртау қалалық мешітінің бас имамы Жанболат Жұматұрұлы ат басын Аягөз қаласына тіреді. Жоспарға сәйкес Аягөз қалалық ортадық мешітінде Аягөз және Мақаншы ауданының имам-молдаларымен кездесіп, «Ізгі қоғам өзіңді өзгертуден басталады» атты рухани насихат жүргізді.

Кейін Жанболат Аягөз қалалық локомотив депосынының қызметкерлерімен кездесті. Жиын қалалық Ішкі саясат қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Жат ағым – бізден емес» тақырыбында өтті. РАНТ мүшесі қатысушыларға діни жат ағымдардың айла-тәсілдерін түсіндіріп, діни сауатты болуға шақырды.

Кездесу соңында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, білікті маманнан тұщымды жауаптар алынды.