Рамазан – мейірімділік айы. Ислам діні адамдар арасында бауырмашылдық пен мейірімділікті сіңіру үшін көптеген ізгі істерге нұсқау берген. Ардақты Пайғамбарымыз «Сыйлық беріңдер, сонда араларыңда махаббат артады», – деген (Бұхари, Әдәбул муфрад).
Тағы бір өсиетінде «Мұсылман адам өзіне қалағанды алағанды өзге бір бауырына қаламайынша толық иман келтірген боп есептелмейді», – деген (Сахих Бұхари).
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да Рамазан айында қайырымдылық істеріне барынша көп көңіл бөлуде. Сондай игі істердің бірі – Бас мүфти сыйлығы жобасы. Өз кезегінде Абай облыстық «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен 9 баласы бар, әрі, отағасы науқасқа шалдыққан отбасыға Бас мүфти атынан микротолқынды пеш сыйланды.
Бұл сыйлықты Абай облысының бас имамы Асқар қажы Әбітайұлы көп балалы отбасының үйіне барып өз қолымен табыстап, дастарқандарына батасын берді.
Рамазан айындағы игі істеріміз сауапты болғай!
Пікір қалдыру