ТӘРБИЕ КӨЗІ- САЛТ-ДӘСТҮР

ҚМДБ Абай облыстық өкілдігі «Әйел-қыздар секторының» ұйымдастыруымен «Тәрбие көзі-салт-дәстүр» атты шара өтті. Уақыт өтіп, заман мен адам өзгерсе де, бабалардан қалған мұраны жаңғырту – парыз. Дәстүр дәріптелген шараның алдында Абай облысы бойынша «Дін мен дәстүр» бөлімінің жауапты маманы, Абай Құнанбайұлы орталық мешітінің наиб имамы Қуаныш Файзоллаұлы әдет-ғұрып, дәстүрдің діндегі орны, қазақи салт-дәстүр құндылығы туралы баяндама жасады.
Келесі кезекте екі бүлдіршіннің тұсауы кесіліп, игі шараға қатысушы әжелер «Тұсаукесер» жайлы маңызды әрі пайдалы ақпараттармен бөілісіп, дәстүріміз жаңғырды. Балаларға байланысты « «Жарыс қазан» салт-дәстүрі жайлы мағлұмат берілді. Жарыс қазан– екіқабат әйелдің қиналмай босануы үшін жасалатын ырым. Ол үшін әдейі сақтап жүрген сүр етті асады. Ет піскенше әйел де жарыса тез босанады деген сенім қалыптасқан. Шара барысында ақжаулықты әжелеріміз ізгі тілектерін білдіріп, ұлттық аспап домбырамен ән салды. Жиын кезінде «Сәлемдесу» салты көрсетілді. «Ел болам десең, бесігіңді түзе»,-дейді. Қай ғасырда, қай қоғамда болмасын ата-ана міндеті –саналы да салиқалы ұрпақ тәрбиелеу. Ал анығында ұлт үшін салт-дәстүрлердің ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше.