«ЖАУЫРЫНЫҢ ЖЕРГЕ ТИМЕСІН» АТТЫ КҮРЕСТЕН САЙЫС

Қасиетті айдың қарсаңында Аягөз ауданына қарасты Сарыарқа ауылында «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында ауыл мешітінің ұйымдастыруымен «Жауырының жерге тимесін» атты жасөспірімдер арасында күрестен сайыс өтті. Әртүлі салмақта өткен сайысқа 20-ға жуық жас палуандар қатысты. Ауыл мешіті имамының міндетін атқарушы Қайырбек Құсайынұлы уағыз – насихат айтып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, атсалысқан азаматтарға алғыс айтып, бата берді. Сайысқа қатысушы әр палуан күресте өзінің ұстазынан үйренген әдістерін қолданып, мықтылар іріктелді. Сайыс жеңімпаздарына мешіт атынан марапат пен сыйлықтар табысталды. Алдағы уақытта осындай ізгі шаралар жалғасын таппақ.