Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаевтың Рамазан айының басталуымен құттықтауы

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды он екі айдың сұлтаны, қасиетті Рамазан айымен шын жүректен құттықтаймын!

Сауабы мен берекесі артқан бұл айдың халқымыз үшін орны ерекше! Өйткені бұл ай – жаңару мен жаңғыру, тазару кезеңі.

Адамзат баласын береке-бірлік, кісілік пен кішілікке шақыратын бұл мереке қайырымдылықтың, ізгіліктің, жүрек жылуы мен адамгершіліктің берік негізі болып келеді. Сол себепті, отыз күн Оразада адамзат баласы бір-біріне қамқорлық көрсетіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созуы керек.

Елімізде сақталып отырған татулық, бірлік, өзара түсіністік, этносаралық және дінаралық келісім – біздің басты байлығымыз.
Қасиетті Рамазан айы бәріңізге жақсылық, құт-береке әкелсін!