АБАЙ ОБЛЫСЫ: 1 АЙДА 1426 АДАМ ҚҰРАН ҮЙРЕНДІ

Рамазан айының басында ҚМДБ бастамасымен еліміздің барлық мешіттерінде «Бір айда Құранға түс» жобасы басталған еді. Бұл жобаның мақсаты Құран түскен қасиетті айда халықтың Құранға махаббатын оятып, мейлінше көп жамағаттың Құран Кәрімді түп нұсқасынан үйренуіне мүмкіндік туғызу еді.

Осы жоба аясында Абай облысы мешіттерінде де бір ай бойы Құран курстары жүргізіліп, барлығы 1426 шәкірт Құран әліппесі мен Тәжуид ережелерін үйреніп, білімін куәландыратын арнаулы сертификаттар иеленді.

Ендігі кезекте Құран нұрын жүректеріне сіңіріп, Құранның берекесін өмірлерінде сезінуін тілейміз!

Шәкірттерге білім берген имамдарымыз бен ұстаздарымызға алғыс білдіреміз!