ЗЕКЕТ ҚОРЫ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН АУЫЗАШАРДА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Кәсіпкер дін жанашырының демеушілігімен Абай облыстық Зекет және қайырымдылық қоры Абай Құнанбайұлы мешітінің қатымханасында 300 адамға арнап ауызашар дастарқанын жайды.

Ауызашар кешіне студенттер, мешіт жамағаттары және мешіттерімізде неке қиған жас отбасылар арнайы шақырылды.

Абай Құнанбайұлы мешітінің наиб имамы Ерлан Досымұлы 30 күн тұтқан оразамыздың қабыл болуын тілей келе, жамағатқа «Исламдағы отбасы құндылығы» тақырыбында, отбасыдағы ер адам мен әйел адамның міндеттері, жауапкершіліктері, өзара сыйластық және бала тәрбиесі туралы насихат айтты.

Абай облысы бойынша Зекет және қайырымдылық қорының жетекшісі рашид Жамалбекұлы қайырымдылық айында зекеттерін берген азаматтардың тиісті адамдарға беру үшін ауызашар дастарқанына арнайы шақырылған 9 балалы анаға 100 мың теңге, мүмкіндігі шектеулі 2 адамға 50 мың теңгеден табыстады.

Осылайша, бірінші күннен ізгі амалдармен бастау алған Рамазан айының соңғы күні де сауапты істерге толы болды. Келесі жылғы Рамазан айына иманымыз кәміл, басымыз аман, бауырымз бүтін, ел-жұртымыз тыныштықта жетуді нәсіп етсін!