ЗАРИНА ЕСІМДІ ЖЕРЛЕСІМІЗ ИСЛАМ ДІНІН ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітке Зарина есімді жерлісіміз келіп, өзінің Ислам дінін қабылдап мұсылман, болғысы келетінін жеткізді.

Мешітіміздің наиб имамы Қуаныш Файзоллаұлы жүрегі Исламға ашылып тұрған қарындасымызға Иман негіздері жайлы түсінік беріп, Иман, Ислам, Ихсан мәселелерін түсіндіріп берді. Осылайша Зарина кәлиманы айтып мұсылмандықты қабылдады.

Мешіт қызметкері мұсылмандық қабылдаған қарындасымызға Муфтият баспасынан шыққан «Основы веры» және «Ихсан» кітаптарын сыйға тартты. Алла Тағала мұсылмандардың қатарын көбейтіп, имандарын кәміл етсін деп тілейміз.