АБАЙ ОБЛЫСЫ: ОРТАЛЫҚ МЕШІТКЕ 1500 КІТАП СЫЙЛАНДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Мешітке кітап сыйла» акциясы аясында Абай облыстық Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітіне 1500 дана кітап сыйланды. Бұл кітаптардың барлығы «Муфтият» баспасынан шыққан және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясының тексерінен өткен кітаптар.

Бұл кітаптардың арасында «Бабалар ізімен. Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп», «Qalyp (Қалып)», «Жұма уағызы», «Пәтуалар жинағы, 4-том», «Сопылық сыры» сынды әлі сиясы кеппеген еңбектермен қатар тағы да басқа көптеген құнды кітаптар бар.

Алдағы уақытта бұл кітаптар Абай облысының мешіттеріне және Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешіттің жанындағы жақында ашылатын медресе кітапханасына берілетін болады.

Сауабы қияметке дейін үзілмейтін осы бір игі іске демеушілік жасаған Айгүл Зарқұмқызына алғыс айтамыз.