КУРЧАТОВ ЖАМАҒАТЫ ДӘСТҮРЛІ САДАҚ АТУДАН САЙЫСҚА ТҮСТІ

Абай облысы, Курчатов қаласында қалалық мешітінің ұйымдастыруымен «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында, «Дәстүрлі – садақ ату» сайысы өтті. Мешіттің бас имамы Нұржан Медеуханұлы жарысқа қатысушыларды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ұйымдастырылып отырған сайысқа атсалысқан жамағатқа алғыс айтып, мергендерге сәттілік тіледі.

«Жүзден жүйрік озады”, – демекші, жарыста топ жарып, межені дөп көздеген мергендер анықталып, І – орын Серікханұлы Ахмад, ІІ – орын Қайратұлы Қайнар, ІІІ – орын Аманбекұлы Еркебұлан алғыс хатпен марапатталып сый табысталды. Алдағы уақыттада осындай жарыстар жалғасын таппақ.
Курчатов қалалық мешітінің баспасөз қызметі