Балаларды қорғау күніне орай Семей қалалық «Даланбай ата» мешітінде футбол турнирі ұйымдастырылды.

     Семей қалалық Даланбай ата мешітінің   ұйымдастырумен балаларды қорғау күніне орай шағын футболдан турнир ұйымдастырылды. Бұл турнирге бас имам Айбек Қалиасқарұлы Шабажанов және найб имам Иманқалиев  Арман Мельсұлы қатысты. Ойын барысында бас имам балаларды  мейрамдарымен құттықтап, жастар ел болашағы екенін, бүгінгі бала  ертенгі  ер азаматтар, олар елін сүйетін нағыз патриот болу керек екенін айтты.

     Бұл шараға қалалық мектептерден  №2 және  №26 мектептердің балалары қатысып өзара жүлделі  орындарды  бөлісті. Бірінші орында Жасұлан командасы яғни  №26 мектеп балалары, ал екінші орынды Сұңқар командасы №2 мектеп оқушылары. Үшінші орынды №26 мектептің  Батыр командасы жеңіп алды. Жүлде қорында ең үздік қақпашы, шабуылшы және қорғаушы номинацияларыда болды.

Семей қалалық Даланбай мешіті.