Аягөз қалалық мешітінде Құран хатымдалды

Аягөз қалалық мешітінде он екі айдың сұлтаны болған қасиетті рамазан айы, қадыр кешінде ораза айы басталғалы қос қари оқып келген Құран Кәрим тәмамдалып, хатым дұғасы жасалды. Мешіттің бас имамы Думан Нәдірұлы хатым дұғасын бағыштап, ел – жұрт амандығын тіледі. Мешітке сыймаған жамағат аулада хатым дұғасына қатысып, уағыз – насихат тыңдап, тәһәжуд намазын оқыды. Көпшілік таң намазына қатысып, таң рауандағанда үйлеріне тарқасты.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі