ҚМДБ Абай облыстық өкілдігінің қызметкерлері қарттар үйінде қайырымдылық концертін өткізді. Мерекелік шараға Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешіттің қызметкерлері мен қатар «Зекет және қайырымдылық қорының» өкілдері қатысты. Шара барысында қарттар үйіндегі ата-әжелерімізге арнайы сыйлықтар табыс етілді. Семей қалалық мәдениет сарайы әншілерінің орындауындағы мерекелік концерт барысында қарияларға жақсы таныс әндер де шырқалды. Бұл қарттардың көңілін толқытып, жалынды жастық шақтарын еске түсіргендей. Белсенді топтың барын салғанын, қарттар үйінің тұрғындары шын ықыласпен тамашалап, оң бағасын берді. Шара соңында ұйымдастырушылар қарияның батасын алды.
Пікір қалдыру