СЕМЕЙ МЕШІТТЕРІ РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ АКЦИЯСЫН ЖАЛҒАСТЫРДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазрет еліміздің барлық мешіттеріне Рамазан айында қайырымдылық істерін, соның ішінде көп балалалы, аз қамтылған отбасыларға және т.б. мұқтаждығы бар жандарға қайырымдылық көмек жасауды көбейтуді тапсырған еді.

Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешіті бастаған Абай облысының мешіттері бұл бағытта бірқатар ізгі істерді атқаруда.

Соның ішінде Семей қалалық Төкеш мешітінің имамы Думан Оразханұлының бастамасымен Рамазан қоржыны акциясы аясында 10 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды.

Сондай-ақ, Далаңбай ата мешітінің имамы Ұлан Ермекұлының ұйымдастыруымен көп балалы 30 отбасыға ауызашар дастарқаны жайылып, Рамазан қоржыны акциясы бойынша барлығына күнделікті тұтынылатын азық-түлік дорбалары сыйға берілді.

Сауапты іске демеуші болып, әрқашан мешіттеріміздің игі бастамаларына қолдау білдіретін азаматтарымызға алғыс айтып, әр ісіне береке тілейміз.