“ЗЕКЕТ” ҚОРЫ БАЛАЛАРДЫ ҚУАНТТЫ

Бүгін ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Абай облысы өкілдігі «Абай облысы Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-гі күндізгі бөлімшеде қызмет алушы балаларға тосын сый жасап, қуантты. 

«Жанашыр жүрек» қайырымдылық шаралар легі аясында ұйымдастырылған ізгі шараның мақсаты – ерекше күтімді қажет ететін жандарға қол ұшын созу.

«Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс», – дейді ғұлама Абай. Зекет, садақа беру арқылы парыздарды орындап қана қоймай, түрлі қиын тағдырмен бетпе-бет келген жандарды демеп, оларға қолдау білдіру біздің мұсылмандардың парызы деп санаймын. Сіздердің болашақтарыңыз жарқын әрі көркем болуын тілеймін! – деді Зекет және қайырымдылық қорының облыс бойынша жетекшісі Рашид Беисов.