ШӘКІРТТЕР АЗАН АЙТУ ЖӘНЕ ХАДИСТЕН БІЛІМДЕРІН СЫНАДЫ

“Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешіт облыстық деңгейде шәкірттердің арасында азан айту мен хадистен білім сайысын өткізді. Қырыққа жуық қатысушының бағын сынаған жарысқа білікті мешіт ұстаздары әділ төрелік етті.

Азан шақыру сайысында шәкірттердің махраж , тәжуидтің дұрыс айтуына баса мән берілді. Бұл сайыстағы жиырма бес қатысушының ішінен бірінші орынды Нұрлан Шакиров, екінші орынды Досбол Тілеуқабыл, үшінші орынды Нұрсұлтан Мұратқалиев иеленді.

Хадис айтудан сынға түскен он бес қатысушының ішінен суырылып шыққандар Нұржігіт Кәрібай, Олжас Керімбай, Шалқан Әкімбай болды.

Мешіт шәкірттерінің білімін таразыға салған сайыста жүзден жүйрік атанған жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар үлестіріліп, басқа қатысушыларға облыстың бас имамы Асқар Әбітайұлының атынан алғыс хаттар табысталды.