ТЫНЫБАЙ МЕШІТІНДЕ ЖАҢА СТУДИЯ АШЫЛДЫ.

 Студияның мақсаты заманның ағымына қарай қоғамның рухани деңгейін көтеріп, түрлі діни сауалдарға сала мамандары арқылы сұраққа жауап беру. Әрі дәстүрлі дінімізді насихаттап, жат ағымдардың арбауынан халықты сақтау үшін пайдалы ақпараттарды көпшілікке дұрыс жеткізу.

Ат алған студияның ашылу салтанатына Тыныбай мешітінің бас имамы Мақсат Алтыбай және мешіт ақсақалы Ерғазы ата қатысып, ақ баталарын берді.

Осы студияның ашылуына мұрындық болған Ұстаз Мақсат Алтыбай барша үлес қосқан демеушілерге алғысын білдіре отырып, студия асыл дініміздің қызметіне жарайтын, пайдалы дүниелерді жарыққа шығару үшін аянбай қызмет ететіндігін тілге тиек етті.