«Менің сүйікті мешітім» атты тақырыпта өткен сайыс

ҚМДБ – ның Семей өңірі өкілдігінің ұйымдастыруымен Семей Орталық мешіті мен Төкеш Ыбырай мешітінде балаларға арналған жаздық сауат ашу курсы өтті. Бүгінгі бала-ертенгі ұлт болашағы. Сондықтан болашағымыздың  баянды болуы, балаларымызға жақсы тәрбие беріп, иманды, салихалы қылып өсіруімізге тікелей байланысты. Пайғамбарымыз Мұхаммед (c.а.с) өзінің хадисінде «Балаларына Құран кәрім үйреткендерге немесе Құран кәрім ұстазына бергендерге қиямет күні басына дәулет тәжі киіледі. Бүкіл адамдар оны көріп қызығады.»- деген.  Осындай ниетпен Семей қаласының мешіттерінде балаларға арналған бір айлық сауат ашу курсы ұйымдастырылған болатын. Шара мақсаты балаларға Алланың кәләмін үйретіп, сонымн қатар рухани тәлім тәрбие беру. Бір ай бойы  балаларға  діни білім берумен бірге олардың уақытын пайдалы әрі қызықты өткізу үшін көптеген шаралар жасалды. Соның бірі «Менің сүйікті мешітім» тақырыбында сурет сайысы, шырын мен жеміс салатын жасаудан және басқа арналған әсем шеңбер жасаудан шеберлік сағаттары өтті. Мешіт ұстаздары балалардың бойына ата-анаға, жасы үлгенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру, ұстаздарды сыйлау, қоғамға және еліне пайдалы азамат болу сияқты ізгі қасиеттерді сіңіруге барынша тырысты. Жаздық сауат ашу курсынан жас шәкірттер қуанып, әсерленіп қайтты.

 Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.