АБАЙ ОБЛЫСЫ: “МЕКТЕПКЕ ЖОЛ” АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Еліміздің басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына арнаған жолдауында 2025 жылды “Жұмысшы мамандықтар” жылы деп жариялаған болатын. Асыл дінімізде де адал еңбек етіп, өз нәсібін қол екі кәсібінен тапқан адамның Алла жолында жүргендей сауапқа ие болатындығы айтылған.

Осы орайда, ҚМДБ Абай облысы Зекет және қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен “Мектепке жол” қайырымдылық акциясы бойынша мұқтаж 12 отбасыға арнап мектеп жарақтары табысталды.

Зекет және қайырымдылық қорының Абай облысы бойынша басшысы Рашид Жамалбекұлы қала тазалықшыларына еңбегі үшін алғыс айтып, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Қала тазалықшыларының жұмысына табыс, отбасыларына амандық тілейміз.