АБАЙ ОБЛЫСЫ: КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР АРАСЫНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЖАРЫС ӨТТІ

ҚР Конституциясының 30 жылдық мерейтойына орай Абай облысы Дін істері басқармасы мен Абай облыстық орталық мешітінің бірлесе ұйымдастыруымен Діни бірлестік өкілдері арасында үстел теннисінен облыстық турнир өтті. Дүбірлі сайыстың ашылу салтанаты Ұлттық Әнұранымызлы тыңдаумен басталды. Абай облысы Дін істері басқармасының бөлім басшысы – Нұрлан Мұратұлы жарысқа қатысушыларды мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі.
Абай облыстық орталық мешітінің наиб имамы Ғалымбек Әзімбайұлы да өзінің ізгі ниетін білдіріп, Ата заңымызлың ел бірлігін сақтаудағы маңызына тоқталып өтті.

Жарыстың басты мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру, дін өкілдері арасындағы татулық пен достықты, ауызбіршілік пен ынтымақты нығайту болды.

Сайысқа бақ сынап 40 қатысушы қатысты. Ойын тартысты әрі қызықты өтті.

3 сағатқа созылған тартысты жарыс нәтижесінде оза шауып бірінші орынды “Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінің намысын қорғаған Ерланұлы Ерхан иеленді. Екінші орынды “Жоламан ақ мешіті” жамағаты Ешимов Қуаныш, үшінші орынды “Әбу Бәкір Сыддық” мешітінің атынан қатысқан Культабаров Жандос және Курчатов ауданының намысын қорғаған Амангелдіұлы Диас өзара бөлісті.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар мен диплом, медальдар табысталды.