АБАЙ ОБЛЫСЫ: “ПАЙҒАМБАРЫҢДЫ ТАНЫ” АТТЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫС ӨТТІ

Қасиетті Мәуліт айының құрметіне Абай облысы, Семей қаласының Қосмұнаралы мешітінің ұйымдастыруымен “Пайғамбарыңды таны” атты жамағаттар арасында интеллектуалды діни сайыс өтті.

Интеллектуалды сайыс QUIZ форматында, яғни онлайн тест түрінде өтті. Іс-шараға Абай Құнанбайұлы мешітінің наиб имамы Ерлан Омаров арнайы барып, қатысушыларды Мәуліт айымен құттықтап, уағыз-насихатын айтып, жарысқа сәттілік тіледі.

Іс-шараға 12 жамағат қатысып, 50 сұраққа жауап берді. Сайыс тартысты да қызықты өтіп, көпшілікке өте жақсы әсер қалдырды.

Сайыс нәтижесі бойынша, 1 – орынды Әкімбек Жалғас, 2 – орынды Ахметжан Бауыржан, 3 – орынды Нұрәлі Арнұрұлы иеленді. Жеңімпаздарға арнайы алғыс хат пен ақшалай сыйлықтар табысталды.