ҚМДБ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША “ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР” СЕКТОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ “МҰНАРА” ТЕЛЕАРНАСЫНДА ҚОНАҚТА

ҚМДБ Абай облысы бойынша “Әйел-қыздар” секторының жетекшісі, “Абай Құнанбайұлы” мешітінің ұстазы- Данагүл Төлегенқызы “Мұнара ТВ” телеарнасының өңірдегі студиясында қонақта.

Абай облысы бойынша “Мұнара ТВ” телеарнасының меншікті тілшісі – Аружан Берікқызы тізгінін ұстаған “Сәті түскен сұхбат” бағдарламасына сұхбат берді.

Сұхбат барысында қасиетті Рамазан айының рухани мәні, әйелдің рухани әлемі және қоғамдағы өзекті сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, Абай облысы бойынша “әйел-қыздар” секторының алдағы Рамазан айына қойылған жоспарлары туралы баяндап өтті.

Толығырақ сұхбатты Рамазан айында ҚМДБ-ның төл телеарнасы «Мұнара» арнасынан Отаудан 20 арна, ID тв 23 арна, ЦЭТВ 22 арнадан көре аласыздар. Ютубтан көру үшін сілтеме: https://youtube.com/@munaratv