Бүгін өскемен қаласындағы облыстық Драма театры ғимаратында ҚМДБ-ның Шығыс Қазақстан облысы Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Адамгершілік құндылықтарды насихаттаудағы БАҚ-тың рөлі» атты I республикалық журналистер форумы өтуде. Алқалы жиынға ҚМДБ-ның баспасөз бөлімінің басшысы Ағабек Қонарбайұлы мен ғаламтормен жұмыс бөлімінің басшысы Әбдіхалық Мұрат және ғалым Мұхан Исахан, сонымен қатар ҚМДБ-ның өзге облыстардағы баспасөз хатшылары, жергілікті БАҚ өкілдері, ғалымдар, діни бірлестік жетекшілері қатысуда, деп хабарлайды ШҚО «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі.
«Жиында адамгершілік құндылықтарды БАҚ-та жиі насихаттау, кері ағымдарды жарнамалаудың алдын алу, сонымен бірге, дін мен БАҚ-тығ байланысы арасындағы өзекті мәселелер талқыланып, қарар қабылданады деп күтілуде», – делінген хабарламада.
Шараның баспасөз хатшыларына арналған екінші бөлігі түстен кейін жалғасатын болады.
www.nurgasyr.kz