Семей қалалық Бір мұнаралы Ағаш мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне жамағатқа ауызашар рәсімі болып өтті.
Айтулы шараға Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы және Семей қаласындағы бірқатар мешіттердің бес уақыт намазға қатысатын ақсақалдары мен жамағаты қатысты.
Қасиетті Рамазан айындағы ауызашар дастарханын мешіт имамы Мақажанов Дәулет көтеріп, елдің батасын алды. Шара кезінде өкіл имам уағыз айтып, жиналған жамағатты тәнті етті.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.