Аягөз қаласындағы №10810 әскери бөлімінде «Отбасы құндылығы» атты кездесу өтті. Кездесуге әскери бөлімдегі қызмет ететіндер жанұясымен қатысты. «Қазығұл ата» мешітінің молдасы Мұрат Жақсылықұлы дініміздегі отбасының берекесі жайлы насихат айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Проектордан отбасы жылуы жайлы бейнеролик көрсетілді.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі