Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей аймағы бойынша өкілдігі, Семей қалалық ‘’Шәкәрім қажы’’ мешітінде жылдағы үрдіске сай Қазақстанның түпкір-түкпірінен жиналған шәкірттер брайль Құран курсына қатысуда. Курсқа жас ерекшелігі әртүрлі зағип жандар Қазақстанның бірі Батысынан, бірі Оңтүстігінен, енді бірі Солтүстігі мен Шығысынан жиналды. Шәкірттердің саны он. Талабалардың арасында кейбірі жана брайль харпімен танысуды бастаса, енді бірі Құранның жүзінен оқи алатын және бірнеше пара жаттап үлгерген азаматтар.
Курс бір ай көлемінде жалғаспақ. Оқу барысына жетекшілік жасап жүрген бүкіл әлемдік Малазия ислам университетінің студенті Шакиров Асқар бауырымыз. Оқуға пайдаланып жатқан Құран, әліппелер және т.б. оқу құралдары Малазия зағиптар қоғамының ұйытқы болуымен Қазақ еліне жеткізілген-ді. Айтулы шара қалалық демеушілердің қолдауымен жүзеге асуда. Осы іспеттес игі амалдарға атсалысып жатқан азаматтарға Жаратқан Алла разы болсын!
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.