Үржар аудандық мешітінде 15 жылдай мешіттің қыс бойы жылы болуына ат салысып, отынын жағып, жаз болса ауласына қарап, мешітте күзетшілік қызмет атқарған Шағипанов Ғалым ағамыздың дін дамуына қосқан үлесі зор деп білеміз. Еңбегі бағаланып алдағы уақыттағы ұмра қажылығына жолдама алды. Бұл үлкен сапарға себепші болған Рымжан Замашұлы барып-қайтуын қаржыландырды.