Той, өлең

Ассалямугалейкум Ержан Малғажыұлы! Менің қоятын сұрағым, мәні бар өлең тыңдауға болады ма? шетелдік болса да.
2-ші сұрақ: той, корпоративка деген жерлерге баруға болады ма?


Уағалейкумассалам!!! Сіздің бірінші сұрағыңызға жауап. Егер өлең мағыналы болса отан сүйгіштікке ата-ананы құрметтеуге байланысты жалпы қазақта мағынасы терең өлеңдер баршылық ондай мағыналы өлең тыңдауға болады.

Ал шариғатта Пайғамбармыз (с.ғ.с) хадисінде Әнас ибн Мәликтен (Алла Тағала одан разы болсын!) риуаят етілді.Ол былай деді:Пайғамбарымыз (с.а.у) бір ретте Мәдинаның бір жерінен өткен еді.Сол жерде кейбір(кішкентай)қыздардың даңғараларын шалып былай деп ән айтып жатқандарын естіді:
Біз Бәни Нәжжардың қыздарымыз Мұхаммед қандай жақсы көрші! Пайғамбарымыз(с.а.у)оларға :Алла Тағала біледі,мен сендерді қатты жақсы көремін деді.
Ибн Мәжада кез келген бұл хадистің де дәрежесі хадис ғалымдары бойынша -сахих. Егер өлең айтып, музыка аспабын қолдану харам болғанда,Пайғамбарымыз (с.а.у.) оларға жоғарыдағы Алла Тағала біледі,мен сендерді қатты жақсы көремін. деген қолдау сөзін айтпас еді. Ал егер уақытты босқа өткізіп құлшылыққа кедергі жасаса адамды жамандыққа итермелесе және нәпсіні қоздыратын болса бос сөз даңғара музыканы тыңдауға болмайды.

2-ші сұрақ жауап қандайда бір той корпаративка жәй отырыс болсын егер ол жерде арақ ішілетін болса ондай жерге баруға болмайды.