Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатуху, құрметті имам! Мен тақауда Құран Тәфсірінің орысша аудармасын сатып алдым, ресейлік Эльмир Кулиевтың аудармасы, имам Саадидің тәфсірі. 6 томдық және 3 томдықтары да болады екен. Әл-Бәрәкәт баспасынан шыққан. Бізде бұл басылымнан шыққан әдебиеттерге рұқсат бар ма? Қазақстан Мұсылмандары діни істері басқармасы тарапынан шектеу қойылмаған ба? Және де Құран Тәфсірінің діни білімі болмаған жандарға оқуға болады ма, белгілі тәртібі болады ма? рахмет
Уағалейкумассалам!!!
Эльмир Кулиевтің аудармасы біздің діни басқарманың сараптамасынан өтпеген болса рұқсат етілмейді,Әл-Баракат баспасына келетін барлық кітаптары, діни басқарманың сараптауынан өтпеген.Жалпы кітаптардың алғашқы бетінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған рұқсат болмаса, оқуға болмайды.Құранның тамаша аударылған Әл-мунтахаб деген орысша аудармасы бар соны оқуға кеңес беремін.Құранның тәпсірін діни білімі болмаған адамдарға болады,бірақ өзінше аяттарға тәпсір жасап үкім шығаруға болмайды,негізінде имамдардан немесе діни білімі бар ұстаздардан сұрап алған жөн.
Жауап берген Найб Имам
Тұрдыбаев Камалжан Бекбосынұлы