Осы сәтте Семей өңірі имамдары және Зекет қорының ұйымдастыруымен «Жылу сыйла»-қайырымдылық акциясы басталған болатын. Алла шүкір жамағаттың қолдауымен қазірдің өзінде 90 жанұяға және қала шетіндегі от жағатын мешіттерге жалпы саны 200 тоннаға жуық көмір түсіріп берілді. Алла тағала қасиетті Құран Кәрімде; «Бір-бірлеріңе жақсылық жасау мен имандылық жолында жәрдем беріңдер»- деп мұсылмандарды жақсылық жасауға үндейді. Мұсылман үшін өзі жылы үйде отырып, көршісі яки болмаса жақыны жаурап қиындық көрсе – имандылығына үлкен сын болары анық. Осы аяттың ұғымын түсінген ізгі жан жамағаттарымыз жомарттық танытып барымен бөлісті. Сауапты іске атсалысқан барша ағайындарға Алла разы болсын! Осы игі шара алдағы уақыттада жалғасын табатын болады.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру