Ассалумағалейкум!

Ассалумағалейкум!
Құрметті Семей орталық мешітінің сайт администраторы және дін қызметкерлері Қасиетті Рамазан айы баршамызға жақсылық әкелсін ұстаған ораза құлшылық ғибадаттарымызды Алла қабыл етсін.
Менің қояйын деген бір сұрағым
Ауыз бекітерде және ауызашарда қандай дұғалар оқуым қажет?
Алдынала рахмет!


Уағалейкумассалам!
Амин айтқаныңыз келсін Алла тағала разы болсын сізге.

Ауыз бекітердегі дұға

وَبِصَوْمِ غَدٍ نَّوَيْتَ مِنْ شَهْرِ رَمَضَانَ

«Уа би сауми ғадин науайту мин шахри рамадан» (Абу Дауд)

Аудармасы: Рамазан айының оразасын Алла ризашылығы үшін ұстауға ниет еттім.

 

Ауызашардағы дұға

اللَهُمَّ لَكَ صُمْتُ وَ بِكَ آمَنْتُ وَ عَلَيْكَ تَوَكَلْت وَ عَلَى رِزْقِكَ
اَفْطَرْتُ فَاغْفِرْلِى يَا غَفَّارُ مَا قَدَّمْتُ وَ مَأ اَخَّرْتُ

«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мә аххарту»

Аудармасы: «Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір»